"Рататуй" тағамы
Күз – көкөністер мен жемістердің маусымы. Осы мезгілде табиғаттан өз керегімізді алып үлгерсек деген ниетпен көкөністерден жасалған "рататуй" тағамының мәзірін ұсынып көрмекпіз. Бірге дайындайық!
Құрамы:
•Сәбіз – 2
•Қияр –2
•Балгар бұрышы – 2
•Пияз – 2
•Кәді – 1
•Күріш – 1 кесе
•Қызанақ – 2
•Туралған ет
•тұз, аскөк, өсімдік майы.
Көкөністерді жақсылап жуып, тазартамыз.
Көкөністердің барлығын біркелкі ұзын етіп турауды бастаймыз.
Туралған көкөністерді бір-бірімен араластырмай, бөлек ыдыстарға саламыз. Алдымен пияз бен балгар бұрышын қуырамыз. Жиі араластыра бермеу керек, езіліп кетсе, жақсы көрінбейді.
Қияр мен сәбізді бірге қуыруға болады. Осылайша барлығын жеке қуырып алып, ыдысқа салып қоямыз. Соңында ұқыптылықпен бірінің үстіне бірін салып, бетіне қызанақты және туралған етті, аскөкті салып, бетін жабамыз да, 15-20 минутқа қоямыз.
Осы арада бір кесе күрішті алып, суға қайнатамыз, гарнирге дайындаймыз. Піскен күрішті сүзіп алып, кесеге салсақ, мынадай болып шығады. Оның жанына дайын болған көкөніс тұздығын саламыз.
"Рататуй" тағамы дайын! Астарыңыз дәмді болсын!